Жетісу облысының фермерлеріне арналған Тәжірибелік-оқыту семинары

"Bilim Barine" қоғамдық қоры "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ, "Қ. и. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ және "Ochaq орнықты даму орталығы" ҚБ-мен серіктестікте 2023 жылғы 27 Мамырда Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен Жетісу фермерлеріне келесі тақырыптар бойынша Тәжірибелік-оқыту семинарларын өткізді:

  1. Климаттық дағдарыс және метан
  2. Күйіс қайыратын жануарлардан метан шығарындыларын азайту
  3. Ауылшаруашылық қалдықтарынан биогаз және басқа да пайдалы заттар өндірісін қалай ұйымдастыруға болады
  4. Жетісу облысындағы агроөнеркәсіптік шаруашылықтарда метан шығарындыларын азайтуға бағытталған Қазақстан Үкіметі мен халықаралық ұйымдардан қаржылық көмекті қалай алуға болады.

Сарапшылар ретінде отандық және шетелдік жетекші ғалымдар мен бизнес-жаттықтырушылар әрекет етеді.

Тәжірибелік-оқыту семинары "ochaq орнықты даму орталығы" ҚБ ғимаратында Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округі, Мұқаншы ауылы мекенжайы бойынша өтті. Семинарға қатысушылар үшін түскі ас ұйымдастырылды. Іс-шараның ұзақтығы 3 сағат болды.

Барлық қатысушылар Тәжірибелік-оқыту семинарының тақырыптары туралы толық ақпаратты қамтитын сертификаттар мен буклеттер алды