2022 жылдың 19 желтоқсанында Мұқаншы ауылында Көксу, Кербұлақ және Қаратал аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен жас мамандары үшін оқу курстары ұйымдастырылды

2022 жылдың 19 желтоқсанында Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Ошақ тұрақты даму орталығы» ҚБ-мен бірлесіп, Көксу, Кербұлақ және Қаратал аудандарының мемлекеттік қызметшілері мен жас мамандары үшін оқу курстарын ұйымдастырды.

«Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында курс сабақтары Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылдық округінің Мұқаншы ауылындағы «Ошақ тұрақты даму орталығында» өтті.

Жобаның мақсаты:

- Мемлекеттік қызмет өкілдерінің, жас мамандар мен белсенді студенттердің саяси біліктілігі мен шешендік шеберлігін (ораторское мастерство)  арттыру;

- аудитория алдында сөз сөйлейтін адамдарды және халықпен жұмыс істейтін басшыларды психикалық дайындау және презентация сауаттылығын үйрету;

- толық спектрлі халық алдында сөйлеудің инновациялық форматын оқыту.

«Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» жобасы Жетісу облысының болашақ басқарушыларының кадрлық резервін құруға, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеуге дайын жастарды қолдаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.