Жетісу облысының Сарқанд қаласында Сарқанд, Ақсу және Алакөл аудандарының мемлекеттік қызметшілері, жас мамандары мен студенттері үшін 2022 жылдың 22 желтоқсанында семинар/тренингтер ұйымдастырылды

Жетісу облысының Сарқанд қаласында Сарқанд, Ақсу және Алакөл аудандарының мемлекеттік қызметшілері, жас мамандары мен студенттері үшін Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Ошақ тұрақты даму орталығы» ҚБ-мен бірлесіп «Жас саясаткерлер мектебі» аясында 2022 жылдың 22 желтоқсанында семинар/тренингтер ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты:

- Мемлекеттік қызмет өкілдерінің, жас мамандар мен белсенді студенттердің саяси біліктілігі мен шешендік шеберлігін (ораторское мастерство)  арттыру;

- аудитория алдында сөз сөйлейтін адамдарды және халықпен жұмыс істейтін басшыларды психикалық дайындау және презентация сауаттылығын үйрету;

- толық спектрлі халық алдында сөйлеудің инновациялық форматын оқыту.

«Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» жобасы Жетісу облысының болашақ басқарушыларының кадрлық резервін құруға, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеуге дайын жастарды қолдаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.