Талдықорған қаласындағы Жастар ресурстық орталығында 2022 жылдың 19-23 желтоқсан аралығында мемлекеттік қызметшілерге, жас мамандарға және студенттерге семинарлар мен тренингтер өткізілді. Оқыту курстарын Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы «Ошақ тұрақты даму орталығы» ҚБ-мен бірлесіп, «Жас саясаткерлер мектебі» аясында ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты:
- Мемлекеттік қызмет өкілдерінің, жас мамандар мен белсенді студенттердің саяси біліктілігі мен шешендік шеберлігін (ораторское мастерство) арттыру;
- аудитория алдында сөз сөйлейтін адамдарды және халықпен жұмыс істейтін басшыларды психикалық дайындау және презентация сауаттылығын үйрету;
- толық спектрлі халық алдында сөйлеудің инновациялық форматын оқыту.
«Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру» жобасы Жетісу облысының болашақ басқарушыларының кадрлық резервін құруға, жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істеуге дайын жастарды қолдаудың жаңа жүйесін құруға бағытталған.